Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 8839 0 пікір 30 Маусым, 2016 сағат 14:29

«Тұлпар-Тальго» жолға кететін уақытын екі есеге дейін азайтады

Астананың индустрияландыру аймағын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тұлпар-Тальго» зауытының кең кузовты жаңа модификациялы жолаушылар вагонын көріп, зауыт қызметкерлерімен әңгімелесті. 

«Дәл қазір танысып шыққан  «Тұлпар-Тальго» зауыты. Өздеріңіз білесіздер, біздің Қазақстанда пойыздар сағатына қырық, ұзаса алпыс шақырым жылдамдықпен жүретін. Ал «Тұлпар-Тальгоның» жаңа пойызы сағатына жүз алпыс шақырым жылдамдықпен жүреді. Вагондардың іші кең, жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Осылайша, жолаушылардың жолға кететін уақытын екі есеге азайттық. Бұл экономикаға өте пайдалы», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясының ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы зауытта 149 кең кузовты жолаушылар вагонын шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мүгедектерге арналған купелерде олардың еркiн жүрiп-тұруына барлық жағдай жасалған. Жаңа вагондар 50 градус аязда да жүре береді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965