Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 09:37

Қытайдың экономикалық экспансиясы күшейіп кетеді деген қауіп негізсіз

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Қарин Қазақстанда Қытайдың экономикалық экспансиясы күшейіп кетеді деген қауіп негізсіз деп мәлімдеді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Қарин бұл туралы Астанада институт өткізетін Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда айтқан.

Қариннің сөзінше, Қазақстан қоғамында "қытайлықтар келсе барлығын сатып алады" деген пікір іс жүзінде дәлелденбеген. Ол Қазақстанда тіркелген бизнес субъектілері саны жөнінен Қытай бесінші орында тұрғанын, оған дейінгі орындарда Ресей, Түркия, Нидерланды және Германия тұрғанын айтады.

Қарин сонымен қатар Қазақстснда 1 мыңнан астам қытайлық, Қытайда 11 мыңға таяу Қазақстан азаматы оқып жатыр.

Өткен айларда Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді  сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарын жариялағанда қазақстандықтардың көбі жерді "Қытай кәсіпкерлері жалға алып, қайтармай қоюы мүмкін деген қауіп білдіре бастаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434