Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2647 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 09:28

Йенс Столтенберг: НАТО-ға Ресейменен диалог керек

Бұған жауап ретінде Солтүстік Атлантика одағының басшысы Ресеймен қарым-қатынаста екі құрал да - әскери дайындық және саяси диалог керек деп жауап берді.

Үш күн бұрын Польшада "суық соғыстан" кейін жүргізілген НАТО-ның кең көлемді ірі жаттығулары аяқталды. Шілде айының басында Варшавада НАТО саммиті басталады. Осының аясында Германия СІМ басшысы НАТО-ның әрекетін сынап, Берлин Мәскеуге қатысты қазіргі ұстанымынан бас тартуы мүмкін деп мәлімдеген.

Азат Еуропа /Азаттық радиосына сұхбат берген Йенс Столтенберг "Біз қақтығыстың алдын алу үшін қорғанысты күшейтуіміз керек, бізге қысымды бәсеңдету үшін саяси диалог та қажет. НАТО-ға мүше 28 елдің бәрі осы ұстанымды қолдайды. Мен Германияның диалог керек дегенін қолдаймын, әрі Германияның шығыста әскерді күшейтуге үлесін қосуын да қалаймын" деді.

"Ресей 2000 жылдан бері алған әскери техникасының бәрін пайдаланып, қазір заманауи техникаларды қолданып, Украинаның тәуелсіздігіне қарсы қол салып жатыр. Осының бәрі біздің ұжымдық қауіпсіздігімізді күшейтуге себеп болып отыр", - деді Столтенберг сұхбатында.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434