Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5670 0 пікір 12 Шілде, 2010 сағат 11:40

Ош және Ош облысында 32 қылмыс тіркелді

Ош. 12 шілде. ҚазТАГ - Маусымның 11-і мен 12-сінде  Ош және Ош облысы бойынша ішкі істер органдарында 32 қылмыс тіркелді, оның 17-сі Ошта, 15-і облыста тіркелді. Бұл туралы ҚырТАГ агенттігіне Ош облысы комендантының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ош қаласының ІІБ бойынша жедел-іздестіру және тергеу шараларының нәтижесінде 10 қылмыс, облыс бойынша 11 қылмыс ашылды.

Облыс коменданты баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ош қаласы мен Ош облысының аумағында 11  коменданттық учаске (Ошта 6, облыста 5), 11 блокбекет (қалада 9, облыста 2) бар, оларда 1500 аса милиция қызметкерлері, ішкі әсерлер мен басқа да күш құрылым ведомстволарының әскери қызметкерлері қызмет етеді, бұлар 7 сауытты техникамен жарақталған.

Облыс пен қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында милицияның патрульдік-бекеттік қызметінің қызметкерлері 100-ден аса жаяу бағытты шолғындауды қолға алды.

«Ош облысының Қарасу, Араван және басқа да аудандарындағы оперативті жағдай тұрақты, өзгеріссіз қалып отыр, аудандардың айылдық округтарының бәрінде құқық қорғау органдары аудан әкімшіліктерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, қоғамның беделді өкілдері мен ақсақалдарын тарта отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр»,- деп хабарлайды облыстық комендатураның баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969