Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 12425 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 11:05

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасын мақұлдады

Мәжілісте жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасы мақұлданды.

"ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасауға Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық себеп болды.

"Барлығымыз білетіндей, жер қатынастары саласында шыққан мәселелерге байланысты Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы жарлығы бойынша жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізілген болатын. Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының нормаларын жүзеге асыру; Екіншісі, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсынуға. Үшінші норма мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беру", - деп хабарлады вице-премьер - ауыл шаруашылығының министрі Асқар Мырзахметов.

Ол осы нормаға байланысты Үкіметке сәйкес тапсырма берілгенін атап өтті. "Сіздерге қарастыруға ұсынылған заң жобасы осы тапсырманы жүзеге асыру үшін жасалған", - деді министр.

Заң жобасы екі оқылымда қабылданды.

Мәжіліс депутаты Сергей Звольскийдің айтуынша, заң жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан жер қатынастарын реттеуге бағытталған басқа да бірқатар ұсыныстар келіп түскен. Соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселелері де бар. Алайда, оны бастама жасаған депутаттар кейіннен өздері алып тастады. «Біз жер заңнамасына қатысты заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесін тек ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырыстары аяқталғаннан кейін ғана қарастырамыз деп шештік. Комиссия жергілікті жұртшылықтың пікірлерін, өңірлердегі мәселелерді терең қарастырып, талқылауға кіріскен. Осыған байланысты, қаралып отырған заң жобасында Мемлекет басшысының мамыр айындағы мораторий туралы Жарлығын іске асыру тетіктері ғана қамтылып отыр», - деді С.Звольский. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527