Америкалық телешоуда Украина картасын Қырымсыз көрсеткен
ESPN FCН футболға арналған америкалық телешоуда Париждегі Украина мен Германия ойындарына талдау жасаған бейнебаян көрсеткен. Онда Украина картасы Қырым аралынсыз көрсетілген.
Атап айтқанда, бейнебаянда екі команда ойындарына талдау жасайды. Бірақ Украина командасы жайында айтқан кезде, эфирден аталған елдің картасын көрсетеді. Бірақ онда Қырым аймағы бейнеленбеген.
Бұл Ресейдің 2014 жылы Қырымды басып алғаннан кейін, БАҚ-та Украина картасынан Қырымды алып тастап көрсеткен бірінші оқиға емес.
2016 жылдың қаңтар айында Coca-Cola компаниясының өкілдері де Ресей картасына Қырымды қосып жариялағандары үшін кешірім сұрған.
Кейін 2016 жылдың 13 ақпанында украиналық "МТВ -плюс" телеарнасының "Регион" ақпараттық-аналитикалық бағдарламасындағы "Арнайы репортажда" Украина картасын Қырымсыз көрсеткен.
Украинаның Жоғарғы Радасы 2014 жылдың 20 ақпанында Қырымды Ресейдің басып алуды бастағанын ресми жариялаған. Батыс елдері де аннексияланған Қырымның аннексиясын мойындамайды, сол үшін Ресейге экономикалық санкция енгізді. Ресей болса аралды басып алғандарын жоққа шығарып, "біз тарихи әділеттілікті орнаттық" дейді.
Абай-ақпарат