Марсельдегі тәртіпсіздікке 150 ресейлік бұзақы қатысқан
Францияның Марсель прокуратурасы 11 маусымда ағылшын футбол жанкүйерлерімен төбелеске арнайы дайындықтан өткен 150 ресейлік бұзақының қатысқанын айтады.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, прокурор Брис Робин қаланың көп бөлігінің бұзылуына солар кінәлі деген. Ағылшын жанкүйерлерінің де жауапкершілігі барын айтқан.
Марсельде ресейлік және ағылшын жанкүйерлері арасындағы төбелестен 30 адам зардап шеккен. Олардың біразы ауыр жағдайда ауруханада жатыр. 20 адам ұсталған. Олардың ішінде ағылшындар, франсуздар және австриялықтар бар.
Ресейден келген жанкүйерлердің ұрыс шығаруына байланысты Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Ресей футбол одағына қатысты тәртіптік іс қозғап, жанкүйерлерді нәсілшілдікпен айыптады. УЕФА егер алда тағы да екі команда фанаттары арасында төбелес орын алатын болса, Ресей мен Англия құрама командасын ойыннан шығаратынын ескерткен.
Абай-ақпарат