Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3012 0 пікір 13 Маусым, 2016 сағат 15:41

SIPRI: АҚШ пен Ресей ядролық арсеналын жаңалап жатыр

Швецияның ядролық қаруды таратпау жөніндегі Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты (SIPRI) АҚШ пен Ресей ядролық арсеналдарын азайту қарқынын төмендетіп, модернизация жүргізіп жатыр деп мәлімдеді.

SIPRI жариялаған есепте биылғы жыл басына дейін ядролық қаруы бар тоғыз мемлекеттегі ядролық оқтұмсық саны өткен жылмен салыстырғандар 455-ке азайғаны айтылады.

Тоғыз ел - АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Израиль және Солтүстік Кореядағы ядролық оқтұмсықтардың жалпы саны 15 мың 395-ке жетеді, олардың 4 мың 120-сы жедел қолдануға дайын. Институт есебінше, бұл елдердегі ядролық оқтұмсық саны 2015 жылы 15 сың 850 болған.

SIPRI 2016 жылдың басында Ресей арсеналында 7 мың 290, АҚШ-та 7 мың ядролық оқтұмсық болғанын айтады. Институт дерегіне қарағанда, Францияда 300-ге тарта ядролық оқтұмсық, Қытайда 260, Ұлыбританияда 215, Пәкістанда 110-нан 130-ға дейін, Үндістанда 100-ден 120-ға дейін, Израильде 80, Солтүстік Кореяда 10 ядролық оқтұмсық бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4923
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124