Жұма, 18 Сәуір 2025
Жаңалықтар 6355 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 10:48

ҰҚК: АҚТӨБЕДЕ ТЕРРОРИСТЕР ТАҒЫ ДА ОҚ ЖАУДЫРДЫ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жұма күні, яғни 10 маусымда өзінің ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыскерлер тағы да «қарулы қарсылық» көрсеткен.

«ҚР Антитеррористік орталығы биыл 10 маусымда Ақтөбе облысында терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб Ақтөбедегі террорлық актілерге қатысы бар азаматтарды ұстау бойынша операция жүргізіп жатыр. Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде салдарынан ондаған адам қаза тапқан теракт болған еді. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2006
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4860
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4053