Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 10:20

Өзбекстанда кәсіпкерлерді шолақ шалбармен банкке кіргізбеген

"Озодликқа" (Азаттықтың өзбек қызметі) аты-жөнін жария етпеуді сұраған кәсіпкердің бірі күннің қатты ыстық болуына қарамастан, үйіне барып, шолақ шалбарды ұзын шалбарға ауыстырып киіп, банкке қайта барғанын айтады.

"Банктің кіреберісінде кемінде үш милиционер тұр. Олар бізді шолақ шалбар киіп алғандықтан, ішке кіргізбеді. Бірақ өмірде әртүрлі жағдайлар болады емес пе? Адамдар өмірбойы классикалық үлгіде киім киіп жүре алмайды ғой. Біз жәй ғана клиенттерміз", – дейді кәсіпкер.

Алайда "Микрокредитбанк" қызметкерлері клиенттеріне киімге қатысты ешқандай талап қоймайтындарын айтады. Бірақ Өзбекстанның кейбір ресми мекемелерінің есігінде келушілерге дресс-кодты сақтау жөнінде хабарлама ілінген. Мәселен Тәшкенттің Чиланзар ауданындағы МАИ ғимаратының кіреберісінде "Құрметті азаматтар!!! Әкімшілік залына шолақ шалбармен, жеңсіз көйлекпен келуге тыйым салынады" делінген.

Абай-ақпарат

0 пікір