Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2981 0 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 10:16

Ресейдің Су-27 ұшағының ұшқышы қаза тапты

Ресейдің қорғаныс министрлігі 9 маусымда Мәскеу облысында Су-27 жойғышының ұшқышы апат кезінде қайтыс болғанын растады.

"Ұшқыш қайтыс болды, ұшу атыс жиынтығынсыз орын алған. Жерде бүлінген ештеңе жоқ", – деп мәлімдейді ресейлік әскери мекеменің баспасөз қызметі.

Алдын дереккөз мәліметінше, ұшақты майор Сергей Еременко басқарғаны айтылған.

Су-27 "Русские витязи" ұшу өнері тобына кірген. Ұшақ Мәскеу түбіндегі Пушкин ауданында Ресей ұшқыштарына орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты кезінде өнер көрсету барысында апатқа ұшыраған. Апат болған жерде қорғаныс министрлігінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір