Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3298 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 10:56

Ресейдің тергеу комитетінің жебеушісі періштесі пайда болды

Патриарх Кирилл Ресей тергеу комитетінің рухани жебеушісі ретінде Михаил періштені таңдап берді.

Рухани жебеуші іздеген Тергеу комитетінің төрағасы Алексанр Бастрыкин Орыс православ шіркеуінің басшысына өтініш түсірген. Мекеменің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, мұндай қадам тергеушілер арасында "адамгершілік және рухани қасиеттерді" нығайту үшін жасалып отыр.

Діни жебеуші қажеттігін Маркин қасиетті кітаптармен түсіндірді. Мысалы, Михаил періште Жазба кібатында "адамдар арасындағы түрлі заңсыздықтармен күрескер ретінде сипатталады, ал Откровение кітабында ол әзәзіл мен қара күштерге қарсы соғыста Нұр жауынгері ретінде баяндалады".

Тергеу комитетінің өкілі Михаил періште туралы Құранда да жазылғанын атап өтті. Сол себепті Михаил періште Солтүстік Кавказдағы тергеу органдарының қызметкерлеріне де жебеуші бола алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522