Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4589 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 15:00

Төлебиде жапон сұрыпты қияр өндірілуде

Ауданда «Қаракемер» жеке шаруа қожалығы қияр өсіріп шаруасын дөңгелетіп отыр. Қожалық төрағасы Бектұрсынов Ермахан осы әулеттің үлкені несібесін осы жерден теріп жеп отырғандығын айтады. 2,5 га  жерден былтырғы жылы 60 тонна  қияр өнімін алған. Қазіргі таңда өнім көлемі ұлғайған,  қожалық төрағасы екі есе өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Жапон сұрыпты қияр ұсақ әрі жұмсақ ерекше дәмді-дейді.  Өндірілген қиыр ауданды қамтып отыр, қалғаны жақын өңірлерге жөнелтуде. Соңғы жылдары қиярдың бұл түріне сұраныс арта бастаған. Оның бір дәлелі – шаруашылықтың әлі жетілмеген қиыр жеткілікті,  ал бірінші  өнімі шілде айында жиналып сатылып кеткен. Қожалық 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бәрі өз әулетінің қыз-келіндері мен ұлдары жұмыс жасауда.

Төлебиде тағы бір мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Биылғы жылы ауданымызда 6 мектептің құрылысы жүргізіліп аяқтауға жақын қалды. Солардың бірі "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру мақсатында салынып жатқан Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінде  200 орындық  мептеп салынуда.

Аудан басшысы Бұқарбай Рысқұлұлы салынып жатқан мектептің құрылысымен танысып қайтты. Мектептің құрылысы биылғы жылы бітіріп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Рысбеков Мұхтар біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны дейді. Осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527