РЕСЕЙЛІК БАПКЕР ЛЕВИТТІҢ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕНІН МОЙЫНДАДЫ
Ал танымал ресейлік промоутер Владимир Хрюнов қазақстандық боксшы Василий Левиттің шеберлігін жоғары бағалап, оған Вэл Баркер кубогын беру керек деп санайды. Маманның сөзіне қарағанда, Левит кәсіби боксқа ауысуға толығымен дайын.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Василий Левит финалда ресейлік Евгений Тищенкодан ұтылды. Жекпе-жекке баға берген үш төрешінің бәрі де Тищенконың жеңісіне күмән келтірген жоқ. Алайда рефери Е.Тищенконың қолын көтергенде, залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левиттің өзі жеңісіне сенімді болды. Алайда төрешілер басқаша шешті. Содан болар, салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Левит күміс медалін бірден қалтасына салып алды.
Abai.kz