Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2751 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 13:37

Шымкент жаңалықтары

Жаңа оқу жылынан  бастап қаланың 28 мектебінде электронды журнал қолға алынады

Мақсаты оқушылар арасында құқық бұзушылық, ерте жүктілік, өзіне өзі қол салу факторларының алдын алу мақсатында ата аналар тарапынан балаларының сабаққа қатысу, оқу үлгерімін бақылауға алу.

Білім мекемелерінде қамқоршылық кеңес және ата аналар комитеттері жұмысы жаңа қарқынмен ұйымдастырылатын болады

Қамқоршылық  кеңес міндеті белгіленген ережеге сәйкес мектептің материалдық теxникалық базасын қадағалайды, демеушілерді тарту жұмыстарынұйымдастырады, жұмысқа қабылданған  қызметкерлер сапасын, арыз-шағымдарды талқылау т.б. процестеріне қатысып өз ұсыныстарын білдіре алады.

Ата-аналар комитеттері мектеп оқушыларының  тәрбиесіне және білім сапасына көңіл бөле отырып, мектептегі қыздар, аналар, әкелер клубының жұмысын мектеп ұстаздарымен бірге жандандырып, жоспарлы іс-шаралар атқаратын болады.

Қалалық жергілікті полиция мен қала әкімдігі тұрғындармен Skype-конференция өткізеді

Əр дүйсенбі сайын қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан жəне аудандардың ЖПҚ басшылары (кестеге сəйкес) сіздердің бейнеқоңырауларыңызға жауап береді. Бұған қоса, сіздер апта бойы Shymkent mps-ке қоңырау соғып, бейнесауалдарыңызды қалдыра аласыздар. Учаскелік полиция инспекторлары мен кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың қызметіне қатысты шағым немесе ұсыныстарыңыз болса, сіз Skype арқылы қоңырау шалуыңыз қажет. Бейнеконференция жазып алынады, жəне əрбір түскен шағымға ЖПҚ қызметкерлері міндетті түрде ден қояды.

Аталған қызмет ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап өз жұмысын бастайды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543