Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2678 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 14:11

Нью-Йоркте имам өлімі наразылық акциясына себеп болды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында сенбі күні кешкісін ондаған адам жергілікті мешіт имамының өліміне байланысты наразылық акциясын өткізді, деп хабарлады ВВС. Наразы топтың пікірінше, қылмысты мұсылмандарға қарсы өшіккендер жасаған.

New York Daily News басылымының хабарлауынша, шеруге шыққандар АҚШ-та исламофобияның күшеюіне Республикалық партияның президенттікке үміткері Дональд Трамп кінәлі деп есептейді. Сайлау алды науқанында Трамп мұсылдандардың елге келуіне уақытша тыйым салуды ұсынды. Осы сөздері үшін миллиардер талай мәрте сынға ұшырады.

Сенбі күні нью-йорктық Куинс ауданында белгісіз біреулер 65 жастағы имам мен оның көмекшісін мешіт маңында атып кетті. Полиция қылмыскерлер мотиві мен оқиғаның қалай болғанын анықтауға кірісті. Тергеушілер пікірінше, күдіктілер оларды тонау мақсатында өлтірген болуы мүмкін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552