Оңтүстікте 200-ден аса нысан бой көтеруде
Оңтүстікте 200-ден аса нысан бой көтеруде. Бұл туралы «Abai.kz» порталы «otyrar.kz» порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Облыста құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда өңірде 200-ден аса нысан бой көтеруде. Оның ішінде мектептер мен балабақшалар көп.
Олардың басым бөлігі тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде тапсырылады. Сондай-ақ, халықты баспанамен қамту мақсатында қолға алынған «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында да көп қабатты үйлер де салынуда.
Мамандардың мәліметіне қарағанда, жыл сайын жалпы көлемі 410-420 мың шаршы метрді алатын баспаналар пайдалануға беріледі. Биыл бұл көрсеткіш 1 мың шаршы метрге артық болады дейді салаға жауаптылар.
Полатхан Салықов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: «Бүгінде өңірде құрылыс материалдарының таңдауы да кең. Аудандағылар дүкенде тұрған сырттан келетін тауарларға әуес. Біздікі олардың матариалдарынан сапалы келеді. Қазір жергілікті кәсіпкерлер өңірдегі құрылыс жұмыстарында қажетті өнімдермен 80 пайыз қамтып отыр».
Естеріңізде болса, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Бәйдібек ауданында Ұлыстың Ұлы тойы ерекше тойланды. Аудандағы орталық алаңға қаз-қатар тігілген ақ шаңқан үйлер мен алтыбақан, наурыз нақыштарымен безендірілген сахна көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлаған еді.
Абай ақпарат