Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2570 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 14:58

ОҚО, Сайрам ауданы: Алматыға ет жөнелтеді

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны Зәкіржан Абдуллаев мал бордақылауды кәсіпке айналдырғанына 6 жылдың жүзі болды.  Алғашында 5-6 ірі қараны семіртуді бастаған ол бүгінде олардың санын 100-ге жеткізді.  3 ай бұрын «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталығынан жылдық 7 пайызбен 15 млн.теңге несие алып, кәсібін жандандырған ЖК «Абдуллаев» еңбек ұжымының аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына айтар алғысы мол. Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының консультант-менеджері Қайрат Асылболатов «Максимум» АИО-нан аз мөлшердегі пайызбен несие алуына құжаттарын рәсімдеуге заң аясында қызмет көрсеткен, жөн сілтеген. 

– Негізінен, тіс дәрігері маманымын. Мамандығым бойынша 1 жылдай жұмыс атқардым. Бұл кәсіпті ағаларымнан үйрендім. Отбасымыздың бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты. Осы салада жетістікке жететініме көзім жетіп, жеке айналысуды жөн көрдім, - дейді 29 жастағы кәсіпкер. Оның Ақсукентте жеке мал соятын орны бар. Күніне 2-2,5 тоннаға дейін мал бордақылап, етін Алматыға жөнелтеді екен. Мал бордақылап, ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер З.Абдуллаев 8 адамды жұмыспен қамтыған. Жанына жақын кәсіпті табыс көзіне айналдырып, өзіне ғана емес, айналасындағыларға да пайдасын тигізіп отыр. 

Дереккөзі:«Мәртөбе-ақпарат»

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576