Тәжікстан дін еркіндігін шектеуші елдердің қатарына енді
АҚШ-тың дін жөніндегі комиссиясы (USCIRF) тәжік билігін мұсылмандарға ғана емес, протестанттық және христиандық "Иегово куәгерлеріне" дін ұстануға кедергі келтірді деп сынап, Тәжікстанда "аса қауіпті" елдер санатына қосты.
Есеп 10 тамызда жарияланды. АҚШ-тың дін жөніндегі комиссиясының мәлімдеуінше, тәжік билігі бірқатар шенеуніктің "Салафия" ағымы мен шийіттік бағытты ұстануына алаңдап отыр. Есепте дін ұстанушылардың арасында экстремистер мен қылмыскерлердің болуына байланысты, билік оларды қатаң бақылауға алғаны жазылған.
Тәжікстан Бас прокуратурасының өкілі дінге шектеу қойылады дегенді жоққа шығарды. Бас прокуратураның құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мадризо Халифаевтың мәлімдеуінше, діни сенімі үшін ешкім қудаланған жоқ, ұсталғандар мен қамалғандардың барлығының тыйым салынған діни ұйымдарға қатысы болған.
Тәжікстанда 2009 жылдан, әсіресе дін туралы жаңа заң қабылданғалы бері халықаралық ұйымдар мен Батыс елдерінің сыны жиілеп кетті. Олар мешіттерді жауып, хиджаб киюге тыйым салып, дін ұстаушыларды қудалағыны үшін тәжік билігін сынады.
Абай-ақпарат