Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2789 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 15:09

Арыс қаласының әкімі Ж.Жаппарқұлдың отбасында болды

Арыс қаласының әкімі Ж.Жаппарқұлдың отбасында болды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің «Фейсбук» желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қала әкімі Сейіт Мырзақұлұлы барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыздың ата-анасына алғыс білдіру мақсатында зілтемірші Жазираның шаңырағында болды. 
Батыр қызымыздың байрақты бәсекеде қазақ елінің атын тағы бір биік белестен көрсеткені үшін ата-анасы мен туыс-бауырларына қала халқы мен өз атынан шексіз алғысын білдірді.

Сонымен қатар 2020 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиадада Жазираның топ жарып, алтыннан алқа тағып, еліміздің атын күллі әлемге танытуына тілектесігін білдірді.
Еске салайық, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 69 келі салмақтағы әйелдер арасындағы жарыс мәресіне жетіп, қазақстандық ауыр атлет, жерлесіміз Жазира Жаппарқұл екінші орынға тұрақтап, күміс медалдің иегері атанды.

Мақтанышымыз, Қазақстанның көк байрағын көкте желбіреткен Жазира зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ спортшысы болып отыр.

Дереккөзі: Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5596