Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3261 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 13:15

Жанкештімен атысқан тағы бір полицей қайтыс болды

Бұл жөнінде 365info.kz порталы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жалғас Келдібаев

-Бүгін 2016 жылғы 11-тамызда таңға жуық №12 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде азамат Руслан Күлікбаевтың құқыққа қарсы әрекеттеріне тойтарыс беру кезінде ауыр жарақат алған полицей қаза болды. Дәрігерлер тәртіп сақшысының ахуалын аса ауыр деп бағалаған еді. Олар полицейден өмірін ажалдан арашалау үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Бірақ сұм ажал дегеніне жетті, — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полиция Ссржанты Келдібаев Жалғас Аманбайұлы 1992 жылғы 1-қыркүйекте дүниеге келген, Алматы қаласы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі жол-патруль полкінің полицейі. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан қызмет еткен. Отбасылық жағдайы – үйленбеген.

-Алматы қаласы ішкі істер департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрама Жалғас Келдібаевтың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, — делінген полиция ақапаратында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602