Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 4059 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 10:34

ФЕТХУЛЛАҺ ГҮЛЕННІҢ БІЗДЕГІ МҮРИДТЕРІ

Түкиядағы әскери төңкеріс жасау талпынысы қазақ халқын да бей-жай қалдырмады. Оқиғаның мәнісіне қатысты әлеуметтік желідегі әлеуеттің деп пікірі екіге жарылды. Біреулері Түркия президенті Ердоған мен Ердоғанды жақтап көшеге шығып, темір танкіге кеудесін тосқан ержүрек халықты жақтаса, базы біреулері «әскери төңкеріс Ердоғанның өз қолымен жасаған әрекеті» деп айыптап, даттауда.

Меніңше, екінші топтағылардың кімнің жақтастары, кімнің мүридтері екенін шамалауға болатын секілді. Себебі, Ердоған мен Ердоғанды жақтаған халық бұл опасыздықты мұхиттың әр жағында жатып алып, жамағатын АҚШ-тың Пенсильвания штатынан басқарып отырған Фетхуллаһ Гүленмен байланыстырып отыр. Ал бұл жамағаттың әлемдегі ең көп мектептері біздің Қазақстанда. Олар қазақ-түрік лицейлері. Саны, шамамен, 30-дың әр жақ-бер жағы. Сондықтан да, қазақ халқын Ердоғанға қарсы қойып, қара пропогандамен айналысып жүргендердің қарасы бізде де жетерлік. 

Түркия баспасөздері осы уақытқа дейін Фетхуллаһ Гүленнің кім екенін, оның анық бет-бейнесі қандай екенін жарыса жазып келді. Тіпті, массондық ұйымның белді мүшесі екенін де дәлелдейтін құжаттарды көлденеңінен тартуда. Оның әкесі – армьян, ал шешесі  бір яһуди, ал өзінің мұсылман емес, Ватикан кеңесінің бір мүшесі екенін де жазуда. 

Фетхуллаһ Гүленді бір жылдары бізде де жаппай жағымды кейіпкер ретінде танытуда үлкен жұмыстар жүргізілген еді. Кітаптары қазақшаға аударылып, доктор-профессорларымызға дейін оған мадақ-одаларын арнап кеткен болатын. Сол ағаларымыздың Гүленді жете танып-білгендерінен күмәнім бар. Оларды Гүленді жақтап сөйлетіп қойған, әрине, мүридтері екені бесенеден белгілі. Себебі, біздегі Гүлен мектептерінен бітіріп шыққан түлектер мұндай мадақ айтқызуға машықтанған азамататар. 

Бір танысымнан Түркиядағы осы жамағаттың бір мүшесінен Қазақстанның белді-беделді жерлерінде «гүленшілердің» отырғанын, сондықтан да бұл елдегі қызметтерінің болашағы үшін алаңдамауын айтқанын естіп, ертеңгі күні бұлардың да Түркиядағыдай параллель бір үкімет жасақтап шықпасына кім кепіл деген ойда қалған болатынмын. 

Айтпақшы, былтыр Фетхуллаһ Гүлен «Ганди бейбітшілік наградасымен» марапатталған болатын. Бұл награданы алғандардың қатарында Михаил Горбачев та бар. Ал М.Горбачевтің КСРО-ны құлатып кеткенін білеміз. Әрине, оның бұл әрекетіне біз ризамыз. Себебі, Тәуелсіздігімізді алдық. Ал енді Фетхуллаһ Гүленге не үшін берілді деп ойлайсыз бұл награда? Түркия мен Түрік Әлемін бөлшектеп тастау үшін бе екен деген ой туады кейде...

Қысқасы, мемлекет бүгінде СӘЛӘФИЗММЕН бас қатырып жатқанда ГҮЛЕНИЗМ-ді де ұмытып кетпесе екен деймін. Себебі, олардың мүридтері еліміздің барлық аймағындағы МЕКТЕПТЕРІНЕН тәрбиеленіп шығуда...

Момын МҰСЫЛМАНОВ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576