Жексенбі, 24 Қараша 2024
Сүйінші! 5669 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 02:31

"ӘЙ, ОРЫСША АЙТПАЙМЫН!" ДЕЙТІН ЖАЗИРА ҚЫЗЫМЫЗ - КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы сында қазақстандық ауыр атлет Жазира Жапарқұл 69 келі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Ол қос сайыс есебі бойынша 259 келіні көтеріп, Қазақстан қоржынына екінші күміс медельді салды.

Бұл салмақ дәрежесінде Олимпиада алтыны қытайлық атлетке бұйырды. Ал Олимпиаданың қола меделін 18 жастағы Мысыр спортшысы Сарах Ахмад еншіледі. Сарах барлығы 255 келіні көтерген.

Сонымен, Жазира Жапарқұл спорттың осы түрінде Олимпиада тұғырына көтерілген тұңғыш қазақ қызы атанды.

Дода басталардан бұрын Қазақстанның Ауыр атлетикадан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Жазираның міндетті түрде Олимпиада жүлдесін алатынын айтқан еді.

БАҚ-қа сұхбат берген Ни: "Бүгін бізден бір алтын, бір күміс күтіңіздер. Медаль міндетті түрде болады" деген еді. Нидің сол айтқанын, бүгін Жазира Жапарқұл дәлелдеді. Әлем чимпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Жазира Жапарқұл енді Олимпиаданың да күміс жүлдегері атанды. 

Жеңіс тұғырына көтерілген Жазира қуанышын бөлісіп жатқанда, орысша сөйлеп беруін сұраған тілшіге "әй, орысша айтпаймын" деп өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін де көрсете кетті.    

Нұрзат Тоғжан

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578