Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3880 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 12:42

Қазақстанның ЕАЭҚ елдерімен тауар айналымы әлдеқайда қысқарды

Қазақстанның статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, республиканың Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕАЭҚ) елдерімен тауар айналымы 1,46 млрд долларға қысқарған.

Қазақстанға ЕАЭҚ елдерінен келетін импорт көлемі экспорт көрсеткіштерінен екі есеге көп, деп хабарлады қазақстандық Finprom сараптамалық сайты. "Нарықтар ұқсас болғандықтан, Ресейді қазақстандық жанармай-энергетикалық тауар қызықтыра бермейді. ЕАЭҚ кеңістігіндегі экономикалық жағдайдың нашарлығы Қазақстанға экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бермей отыр", - делінген Finprom материалында.

Қазақстанның ЕАЭҚ елдеріне экспорт мөлшері 32,2 пайызға немесе 1,46 миллиард долларға қысқарып қалды. Қазақстан сыртқа шығаратын негізгі тауарларға органикалық емес химия өнімдері, радиоактивті элементтер қоспасы, бағалы тастар, сирек кездесетін металдар, темір кендері жатады.

2016 жылдың алғашқы бес айында импорт 29,1 пайызға немесе 3,22 млрд долларға қысқарған. Оған теңгенің девальвациясы мен ішкі сұраныстың аздығы әсер етті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562