Рахмон: Тәжікстандағы мұздықтардың үштен бірі еріп кетті
Тәжікстан бірнеше жыл бойы климаттың өзгеруінің, әсіресе мұздықтардың еруінің зардабын шегіп келеді. Бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон су тапшылығына қатысты халықаралық конференцияда мәлімдеді.
Соңғы он жылдықта Тәжікстан мұздықтарының шамамен 30 пайызы еріп кетті, деді Рахмон. Президенттің айтуынша, ірі құрлықаралық Федченко мұздығының өзі осы уақыт аралығында шамамен 2 шаршы шақырым мұздан айрылған.
"Соның салдарынан аймақтағы ең басты өзендер - Амудария және Сырдария суы 30 пайызға азайды. Осы өзендер сағасындағы елдер су тапшылығын қатты сезе бастады", - деді Тәжікстан басшысы.
Бұған дейін Тәжікстанның гидрометеорологиялық қызметі елде мұздықтар еріп қана қоймай, олардың орны ауысып жатқанын хабарлаған еді.
Рахмонның айтуынша, судың тапшылығы қатты сезілген уақытта су ресурстарын пайдаланушылардың интеграциясы жолымен басқару әлдеқайда тиімді болар еді.
Абай-ақпарат