Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4500 0 пікір 9 Тамыз, 2016 сағат 09:49

БІР ҚАЗАҚ БЕС ҚЫТАЙДЫ СҰЛАТЫП ТҮСІРДІ

Құрлықтықхоккей лигасына енді қосылған «Куньлунь Ред Стар» командасы Астанада ҚР Президенті Кубогі үшін жарыста «Барыс» командасына қарсы ойнаудан бас тартты деп жазады "ult.kz" порталы.

Бейжіңнен келген хоккейшілер мен жергілікті «Барыс» арасындағы кездесу жаппай төбелестен басталды. Соның салдарынан «Барыс» клубының екі хоккейшісі Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков мачт соңына дейін шеттетілді. Өз кезегінде, төбелесте қатты соққы жеген қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасына мачты ары қарай жалғастырудан бас тартқаны үшін 5:0 есебімен жеңіліс жазылды.

Осылайша, астаналықтар Дастин Бойд үшін есе қайтарғанға ұқсайды. Есте болса, 5 тамызда «Барыс» командасының шабуылшысы Дастин Бойд "Куньлунь Ред Стар" хоккейшілеріне қарсы болған ойында аяғын сындырып алған болатын. Сол ойында дөрекілікпен ерекше көзге түскен қытайлықтар жеңіске де жеткен еді. Осының кесірінен «Барыстың» 41-ші нөмірлі ойыншысы 4 айға дейін жарыс жолынан шығып қалды.

Ал ҚХЛ-дің тәртіп комитеті қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаевқа маусым аралық матчтарға қатысуға тиым салды.

Айыптау шараларына қатысты шешім кейінірек шығарылады. Рыспаев жалғыз өзі бес ойыншыны «жайратып» тастады.

«Рыспаевтың мұз айдындағы іс-әрекеттері хоккеймен еш байланыспайды. Ол ережені бұзып қана қоймай, хоккейдің атына кір келтіреді. ҚХЛ мұндай нәрсені қолдамайды», - делінген ҚХЛ хабарламасында.
Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524