Қазақ көші қарқын алып келеді
Құдайға тәубе, өткен жылмен салыстырғанда, биыл шеттен көшіп келген қандастарымыздың саны әжептәуір көбейген. Мысалы, 2015 жылдың алғашқы тоғыз айында 3012 оралман бауырымыз оралса, 2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтерге сәйкес, республикамызға 14 947 этникалық қазақ (6840 отбасы) көшіп келіп, оралман мәртебесін алған.
Бұл – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми ақпараты. Әрине, мұны өткен жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заң жобасының тиімділігінің арқасында қолға келген нәтиже деп қарағанымыз жөн.
Abai.kz