Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2314 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 15:39

«Тұрғынүй құрылыс банкі» Shymkent-city құрылысына қызығушылық танытуда

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам пәтер құрылысы жүргізілетін болады. Бұл жөнінде облыс әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» арасындағы өзара әріптестік жөніндегі меморандум барысында атап көрсетілді. Маңызды құжатқа облыс әкімі Б. Атамқұлов және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқармасының төрағасы А. Жұмағұлов қол қойды. 

Айта кетейік, өңірдегі тұрғын үй құрылысын жүргізуге Ұлттық банк қазынасынан 4,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа 558 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысын салу көзделген. Бұдан бөлек, «Бәйтерек Девелопмент» компаниясы 432 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысын қолға алмақ.

Екіжақты іскерлік кездесу барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ өкілдері Shymkent-city құрылысының жобасына қызығушылық танытты. Бүгінде қаланың солтүстік аумағындағы келешектегі іскерлік және тұрғын үй орталығында инженерлік-коммуникациялық жүйелер жүргізілуде. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқармасы төрағасының айтуынша, мұндағы жасалған оңтайлы жағдайлар «Өз үйім» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын жүргізуге қолайлы мүмкіндік береді. Бұл бағытта Шымкент қаласы әкімдігімен және қаржы институттарымен меморандумға қол қойылған.

Өз кезегінде, облыс әкімі Б. Атамқұлов басқарма басшылығына жобаға көрсеткен лайықты қолдауы үшін шынайы алғыс сезімін жеткізді. Сондай-ақ, келешекте Shymkent-city – ыңғайлы тұрмыс пен сәулет өнерінің озық үлгілерін паш еткен орталық ретінде қалыптасатынын, онда тұрғындар өздерін қауіпсіз әрі бақытты сезіне алатынына кәміл сенімді екенін айтты.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524