ОҚО, Сайрам ауданы: төтенше жағдайларды алдын-алу
Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, ауыл әкімшілігі мамандары мен бірлесіп, ауылдық округтегі жауын-шашын кезінде қауіп келтіретін каналдарды, өзендерді және Көлкент көлі аумақтарын көріп шықты. Атап айтқанда:
- Ханқорған ауылындағы «Қазақарық» каналын механикалық тазалау жұмыстары.
- Шапырашты елді мекені жанынан өтетін «Ақсу» өзенінің су шайып өткен жағалауларының арнасын бұру жұмыстарын жоспарлау.
- «Көлкент» көлі аумағындағы демалыс орындарындағы демалушылармен кездесіп, суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын түсіндіру.
- Ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізіліп, өрт қауіптілігінің алдын алу, жылу маусымына дейін тұрғын үйлердегі пеш құбырларын тазалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- Ауылдық округ бойынша аптаның әр жұма күні санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, 05.08.2016 жылы «Жаса-4» ЖШС тарапынан 13,5 тонна ал, «Көлкент» СТК-сы тарапынан 9,7 тонна күл-қоқысты 4 техника тасымалдау жұмыстарымен айналысты.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды Сайрам аудандық «Ел-нур» телеарнасы арқылы видеотүсірілімдер жүргізілді. Аталмыш ақпарат құралы арқылы Сайрам ауданының халқынаарнайы репортаж етіп көрсету ұсынылды.
Abai.kz