Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2937 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 10:02

Тәшкент әуежайында Қазақстан азаматы жоғалып кетті

27 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласының тұрғыны Вохиджон Ниязов Тәшкент әуежайында жоғалып кеткен. Ол 28 шілдеде Оңтүстік Кореядан Тәшкентке ұшып келген. Оның туыстары Вохиджонды өзбекстандық арнайы қызметтің өкілдері сақалы үшін және ұялы телефонындағы діни жазбалары үшін ұстап алып кетті дейді.

Алты күннен бері жоғалып кеткен қазақстандықтың туыстары ол жөнінде қандай да бір ақпарат ала-алмай отыр. Ниязовпен бірге әуежайда болған жерлесі оның үнемі сақал өсіретінін, бірақ ешқандай тыйым салынған діни ұйымдарға кірмейтінін айтады. «Оны бөлек бөлмеге кіргізді, осыдан кейін ол қайтып шықпады», – дейді әуежайда оны көрген жігіт.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, өзбекстандық құқық қорғау органдарының өкілдері оны көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Тәшкенттегі Қазақстан елшілігі бұл жөнінде ешқандай ақпарат білмейтінін, егер Ниязовтың туыстары реми түрде шағымданса, бұл істі қарауға дайын екендіктерін айтады. Жоғалған азаматтың туыстары да оның радикалды дінге еш қатысы болмаған дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434