Сенбі, 12 Сәуір 2025
Деп жатыр 7435 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 09:56

АРУЖАН ЖАЗЫЛБЕКОВА ЭРОТИКАҒА ТОЛЫ СЕРИАЛДА БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАЙДЫ

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова эротикаға толы сериалда басты рөлді сомдайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz .

Сонымен Аружан Жазылбекова "Первый канал" түсіріп бастаған "Алтын орда" тарихи сериалында басты рөлді сомдамақ. Продюссерлердің айтуынша, эротикалық эпизодтарға толы сериал "Тақтар ойыны" ("Игра престолов") хикаясы сияқты болмақ.

"Алтын орда" тарихи сериалы екі нұсқамен дайындалады: біріншісі - телеэкранға арналған, кейбір тұстары қиылған болса, екіншісі - ғаламтор көрермендеріне арналған толық нұсқасы.

Аталмыш фильм Берке хан хандық құрған кезеңді суреттейді. Тарихи хикаяда орыс князьдіктерінің басын біріктіруді қалайтын Ярослав князь бен өз империясын басқаруда қаталдығымен аты шыққан Берке ханға көп орын берілген.

Оқиға желісінде Алтын Орда елшісі Тәңір-Темірдің Борис князьдің әйелі Устиньяны алып кету үшін Владимирге келіп, орнына Ярославқа сый ретінде Нарғыз есімді сұлу күңін тастап кетеді.

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова Нарғыздың рөлін сомдайды, ол бұл үшін арнайы кастингтен таңдалып алынған.

"Бүгін "Первый канал" түсіріп жатқан ресейлік жоба "Алтын орданың" алғашқы түсірілім күні болды. Басты рөлдердің біріндемін! Мені шымшып алыңдар немесе валерьянка беріңдер!", - деп қуанышын бөлісті актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1801
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3626