Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Білгенге маржан 13178 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 09:56

МАСА БІРІНШІ БОЛЫП ҚАНДАЙ АДАМДЫ ШАҒАДЫ?

Әрбіріміз танитын адамдардың ішінде маса бірінші болып соны шағатын танысымыз бары анық. Бірге отырған жерде  масаның барын да бірінші болып сол адам сезеді. Себебі, масалар адамдарды таңдап отырып шағады екен. Медицина саласының оқымыстылары маса таңдап шағатын адамдардың тізімін жасап берді.

Маса біріншіден адам тыныс алған ауаға қарап оларды іздеп табады екен. Жүкті әйелдер тыныс алған кезде көмірқышқыл газын өзгелерден артық бөледі екен. Сондықтан маса адамдар арасындағы аяғы ауыр әйелді бірінші болып шағады.

Таза ауада терлеп жүгіргеннен кейін маса атаулы сізді шағуға құмар болады. Себебі маса сіздің денеңізден бөлінетін сүт қышқылына құмар.

Мамандар адам денесін қыздыра түсетін ішімдіктерден кейін, маса атаулының құрбанына айналарыңызды ескертеді.
Ғылыми зерттеудің нәтижесіне қарасақ  масалардың 83 пайызы  қаны  I-ші топтағы адамдарды шағады екен. Қаны II-ші топтағы адамдарды масалар сирек шағады екен. Егер ғалымдар айтқан тізімде болсаңыз күн жылыда масадан қорғанып жүріңіз.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 444
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 416
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 393