Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4467 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 11:18

Өзбекстан әйелдерін Бурятияда құл ретінде ұстап келген

Бурятияда құлдық еңбекті пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Республиканың екі тұрғыны және өзбек әйелі Прибайкал ауданындағы фабрикада жұмыс істету үшін, Өзбекстаннан он шақты әйелді заңсыз кіргізген. Бұл жөнінде СА-News тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фабрика «Гранд Текс» компаниясына тиесілі. Үй шаруашылығына арналған қолғап тігумен айналысады. Әйелдер заңсыз келгендіктен, қалада еркін жүріп-тұра алмаған. Оның үстіне жеке құжаттарының бәрін алып қойған. Жәбірленушілер күні-түні қолғап тіккен. Бас тартқан әйелдерді ұрып-соққан.

Қазіргі кезде Прибайкал аудандық сотында ұсталғандарды қамауға қатысты сот жүріп жатыр. Тергеу ісі жалғасуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321