Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5166 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 10:18

ОСТОРОЖНО! БАЯН БАСТАДЫ ЖҰМЫСЫН

Баян Есентаева жұмысқа кірісіп, өзі жетекшілік ететін топтардың жаңалығын бөлісіп жатыр,-деп жазады Stan.kz порталы.

Маусымның 10-ы күні болған қанды оқиға Баян Есентаеваның туған туысқандарын да, барша қазақстандықты да алаңдатты. Бірі тез сауығуын тілесе, енді бірі керісінше мұны әділеттілікке балады. Десе де, продюсер небәрі 10 күннің ішіне денсаулығының жақсарғанын айтты. Арада бір жарым ай өткен соң іске кірісті.

Болған оқиғаны кіші қызы Айару Бақытбек қабылдай алмай жүрсе керек. Ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасынан әкесінің суреттерін толықтай өшіріп тастаған. Оның қиналып жүргенін Баян Мақсатқызы да сезген-ді. Айаруды әке-шешесімен бірге шетелге жіберуді жөн көріпті.

“Жаз нағыз демалатын уақыт. Айару ата-анаммен бірге Rixos Premium Belek кешеніне демалуға барып, “The Land of Legend” саябағында көңіл көтермек. Демалысы туралы Айарудың өзі толығырақ айтып береді. Оның парақшасын жіті бақылап отырыңыздар. Ол жерде позитивтің көп болары анық!”, – дейді Баян Есентаева.

Продюсер қызының көңілін аулап қана қоймай, жұмысқа кірісіп кеткенін де байқатты. “Жуырда “Лашын” тамаша ән ұсынады”, – деп жазып, бейнебаянның үзіндісін жүктеген.

Желі қолданушылары оның “онлайн әлемге” қайта оралғанына қуанып қалды. “Баян, сіз үшін қуаныштымыз! Бағындырар белестеріңіз алда екеніне сенімдімін. Жаңа бейнебаянды асыға күтеміз”, “Сізге денсаулық пен сұлулық қана тілейміз! Ал қыздарыңыз табысты болсын! Оларға сіздің аман-есен жүргеніңіз сый ғой”, “Жазылғаныңызға қуаныштымын, жаратқан ұзақ ғұмыр берсін! Бақытты болыңыз”, – дейді олар.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371