ӘЙ, СЕРГЕЙ!
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.
Мен дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
Менің де өкіндірер өткенім көп
Атқа міндім, алысып теппедім доп.
Мен дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,
Иектейді мені де «қара кісі».
М. Мақатаев
Бұрыңғы ауыр атлет Сергей Филимоновтың қазіргі халі БАҚ өкілдерін алаңдатыпты. 31 каналдың "Неге?" деген бағдарламасына шығыпты: https://www.youtube.com/watch?v=nUExoING_FQ
Рауан Оқас
Facebook-тегі парақшасынан