Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5984 0 пікір 2 Қараша, 2016 сағат 11:13

ШОЛАҚ ШАЛБАР

Өткенде қызық болды. Барахолкаға бардым. Джинси сатып алдым. Балағы сәл ұзындау екен. Қысқарту керек. Содан тігінші іздедім. Алыстан "Подгонка" деген жазуды көзім шалды. Барсам хиджап киген мұсылман қыз отыр. Амандастым да: 

- Шалбарымды қысқартып беріңізші, - дедім. Ол келісті.

- Бағасы қанша, - дедім. 

- 500 тг. 

- Жақсы. 

- Анда барып киіп келіңіз, балағын өлшеп алайын, - деп бұрыштағы киім киетін орынды көрсетті. Барып киіп келдім. Қолына бор алып балағымды өлшей бастады. 

- Күздік туфлимен кием. Қатты қысқартып жібермеңіз, - деп ескерттім. Ол өлшеп болды. Ойымда түк жоқ, қалай өлшегеніне мән бермеппін. Жарты сағаттан соң ақысын төлеп алып кеттім. Үйге келген соң да шалбарды киіп қарамадым. Шкафқа сала салдым. Арада бір аптадай өткенде джинсиді киіп қарасам балағы тобыққа жетпейді. Ышқырдан олай бір тартып түсірдім, былай бір түсірдім бәрібір жетпеді. Қызық болды. Әйелім көріп ішек-сілесі қатып жатып қалды. 

- Сен уахабит па, салафит па болайын дегенсің бе? - дейді. Ал мен "бұл қалай болғаны" деп мазам қаша бастады. Айнаға әрі қараймын, бері қарайымын, бәрібір тобық жабылмады. Өзім бір жерге асығып тұрғанмын. Ескі шалбарды кидім де, шығып кеттім. Жол бойы шалбарды ойладым. Бір кезде "кімге қысқартқаным" есіме түсті. "Бәсе, ана қыз мені "біреумен" шатыстырған немесе өзім білермендікке салған" деп ойладым.

Айбек Нәби

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371