ЖҰМА НАМАЗ
Бірде тайван қызымен бірге қайттық. Мен мешітке баратынымды айттым. Ол да еріп барғысы келді. Жұма күні болатын. Адамдар жұмаға жиналып жатыр. Бір кезде бәрі дәретін алып, бір қатарға тұрып, жұма намазын оқыды.
Дүние жүзінің барлық мешітіне тән құбылыс - жұма күні ине шаншар бос жердің болмауы ғой. Мұнда да солай болды. Шыққан соң тайван қызы:
- Мына адамдардаң бәрін кім шақырған?
- Біздің қасиетті кітабымызда жазылған Алланың бұйрығы ғой.
- Қалай сонда? Бұларға ешкім ештеңе бермесе де осыншама xалық жинала ма? Не бақылап тұрған полицей жоқ, не ақша төленбейді, адамдар сондай тәртіпті болуы мүмкін емес қой?!
- Жоқ, бұл мешіт қой, қайта келген адамдар садақа қалдырып жатады.
- Біз баратын church картоп, нан т.б. тамақтар береді, кей жерлерде тегін бақшалар қарастырылған, бірақ сонда да адам толмайды ішіне.
- Тамақ болғанда мешіттер де тұрмысы нашар жандарға көмектеседі садақа есебінен, бірақ бұл-сенім ғой, бізде дінмен саудаласу жоқ, мешіт ештеңе бермейді деп жұмаға бармай қойған мұсылман көрмеппін.
- Сендерде шынымен құрмет жоғары екен. Бәрі әдемі киініп келіп, жуынып, дәрет алып, үлкееен сыйластықпен қарайды екен дінге.
- Егер бұл дін шын Жаратушыдан түспегенде сонша адамды сендіріп, артынан ерте алмас еді, осыншама әр түрлі ұлттан құралған қауымды осы жерге әкеле алатын Құдай ғана.
- Сол ғой таң қалғаным. Сосын бәрінің реті бар екен. Кәдімгідей жүйелі. Менеджменті мықты екен. Әр намаз уақытымен. Таң қалдым.
..."Біз көбіне жаңалықты ғалымдар ашады деп ойлаймыз, әйтпесе, исламда таң қалатын нәрсе көп қой", - дедім ішімнен.
Айсәуле Әбілдаева
Facebook-тегі парақшасынан