Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5938 1 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 11:07

АСТАНА МАҢЫНДАҒЫ АУЫЛҒА «САФИНКА» ДЕГЕН АТАУ ЛАЙЫҚ ПА, СЕРГЕЙ МЫРЗА?

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

                                                                                           СЕРГЕЙ КУЛАГИН МЫРЗАНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

«Софиевка – Ақмола болысы Целиноград ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде, Сілеті өзенінің жағалауында орналасқан.

Жолым түсіп Астана қаласының маңына сапарға шықтым. Алдымнан тұрғындарының басым көпшілігі (бәрі десе де болады) қазақтардан тұратын "Софиевка" деген елді мекен кездесті.  Жергілікті тұрғындар «Сафинка» деп атайды екен. Сол жердегі тұрғындардан  ауылыңыздың аты неге "Сафинка" деп сұрадым. 

Мынау сол ауыл тұрғындарының ашына отырып берген жауабы: 

Кешегі Кеңес заманында осы ауылда қолдан арақ (самогон) жасап сататын София деген кемпір тұрыпты. Сол жердегі тың игерушілер мен сол маңда тұратын өзге де тұрғындардың бәрі сол кемпірден, тіпті алыс жерлерден де келіп самогон сатып алатын болыпты. Содан сол елді мекен күні бүгінге дейін "Сафинка", сол ауылға баратын жол "Софинская трасса" деп аталып келеді екен. 

Сол Софияның арағынын қаншама адам зардап шегіп жұмыстан қуылды,  отбасынан ажырады, қаншама адам сол трасса да мас күйінде жол оқиғасына ұшырап, өмірлерімен қош айтысты немесе жарымжан болып қалды десеңізші. 

Обалы не керек, ауыл тұрғындары бұл мәселені сан рет көтерген. Ауылдың бас көтерер, есті азаматтары талай БАҚ-та мақала жариялап, елді мекен атауын өзгертуді өтінген. Бірақ селт еткен бір басшы болмапты. 

 Атам Қазақтың Ата салты, соған сәйкес Қазақстан Республикасы заң талаптары бойынша да  елді мекен, даңғыл, көше атауларына халқына қалтқысыз қызмет жасап, ұрпағына үлгі болған ұл-қыздарының аты беріледі.

Арақ мұсылман баласы үшін арамға саналады. Бұл Қасиетті Құран Кәрімде де айқын көрсетілген. Ал Біздің билік  осы арам аспен елді былғаған кісінің атына елді мекен атауын беріп қойып үнсіз отыр.

Қасиетті Құран Кәрімнің, Атам Қазақтың Ата салтының және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес тиісті шарасын алуыңызды өтінемін!       

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320