Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5734 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 12:47

ҮШ ТІЛ - АЛТЫ ЕМШЕК...

 

Балаларды "үш тілді қыламыз" деп жаратылыстың заңына қарсы шығып жүрміз. Тіл – зорлық пен алдаудың құралы емес. Тіл – сүйіспеншілік пен ізденістің даңғылы. Әуелі, балаларымыз қазақ болып қалыптассын. Өз  анасына біткен екі емшектен уыздансын. Біріншісінен: жаратқан иемді танысын. Себебі, құдайдан тыс ешкімде жаратылмайды. Екіншсінен: ұлтын танысын. Себебі, ұлтынан тыс ешкім де туылмайды. 
Құдайға – құл, ұлтқа – перзент болсын! Адамзаттың баласы анасының екі емшегінен нəр алып, уызданып жүріп-ақ даналықтарға, өркениеттік асуларға қол жеткізді. Бізге тəн  тіл мəселесіндегі күйікті сөз, күрмеу мысалға жүгінейік, қараңыз: (үкімет мұны  білетін жасқа келді ғой...) қазақтың баласын еркінен тыс, болмыстың бұйрығынан жат əрекетке итермелеу, үш тіл – алты емшекті болуға зорлау жақсылыққа апармайды. Осыны түсіну үшін үкіметке аса көп ақылдың керегі жоқ секілді. Өзге тіл – қоғамның қажеттілік шеңберінен бір қадамда артық жүріске бармауы керек. Он түйеге артуға болатын жүк  үшін, барлық түйені төбесінен ұрып шөгерудің қажеті қанша? Барлық қазақты үш тілге байлау кімге керек!?.. Шалдар айтпақшы: "əсіре қызылшылдық ерге де ,елге де абырой əпермейді..". Тезірек жоғалтқанымызды тауып алуға, қазақ болуға мəжбүрлеп жатса, ол енді бөлек əңгіме.
Ана тілін қиянаттың күліне ауната салу қашанға дейін жалғасар екен. Шындықтан жалтару үшін ұлттық мүддені теуіп қалып, дау-дамай туғызу да еріккеннің ермегіне айналғалы  қа-шааан... қалай басталды, есімде жоқ.
Сабыр Адай
Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371