Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2467 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:26

Оңтүстіктің көкөнісі мен жармасы Ақтөбе базарларында

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы базарларды аралап шыққан. Аймақ басшысы коммуналдық базарда сауда қатарларын аралап, ет, жарма, сүт және көкөніс бағаларын білді, деп хабарайды «Ақтөбе ақпарат» орталығына сілтеме жасап. 

- Бізде баға өзге сауда нүктелеріне қарағанда 20 пайызға төмен. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен фьючерстік келісімшарттарға отырдық. Бұл өңірлерден өнім еш делдалсыз бізге тікелей жеткізілетін болады, - деді «Базарларды басқару» ЖШС директоры Рақымжан Таңсықбаев.

Сонымен бірге ол «Ақ-Теп» ЖШС-інің «Табыс» базарына ет өнімдерін жеткізіп жатқанын хабарлады.

Оңтүстік облыстардан ет және көкөніс жеткізу жөніндегі ынтымақтастыққа келер болсақ, соңғы айда Қызылорда және Жамбыл облыстарынан Ақтөбе облысына 50 тонна өнім жеткізілген. Бұрын олар делдалдар арқылы қымбат бағаға сатып алынатын. «Табыс» базарында пияздың келісі қазіргі таңда 35 теңге, сәбіз 40 теңге, қала базарларында күріштің келісі 220 теңге болса, «Табыста» 150 теңгеге алуға болады. Жеміс-жидек шетелден жеткізіледі, алайда егіннің кезінде коммуналдық базар басшылығы отандық өнімдер жеткізетінін айтты. Базарда енді қойма алаңдары қажеттілігі туындап отыр.

«Алтай» жеке базарында Бердібек Сапарбаев тұрақтандыру қорының өнімдеріне аса назар аударды. Мұндағы көкөніс пен ет өнімдерінің бағасы коммуналдық базардағы бағалармен шамалас болды. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435