ОҚО: Қаратауда 40 көшеге жол салуға қаражат қарастылып отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінде жол салу қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы 1 млрд 200 млн теңге бөлініп, Достық, Достық-2, Тассай, Таскен шағынаудандары мен Мәртөбе, Сайрам елдімекендеріндегі 32 көше асфальттандырылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
"Ауданда 963 жол бар болса, соның 356 шақырымына асфальт төселген. 640 шақырымы тас жол. Ал 58 шақырымы топырақ көшелер. Өткен жылы 1 млрд 200 млн теңге бөлініп, Достық, Достық-2, Тассай, Таскен шағынаудандары мен Мәртөбе, Сайрам елдімекендеріндегі 32 көше асфальттандырылды. Биыл бюджеттен 40 көшеге жол салуға қаражат қарастылып отыр. Сондай-ақ, 8 елдімекендегі әлеуметтік нысандардың алдындағы 10 шақырымдай аяқжолдар салынатын болады.
Бұдан бөлек, аудан аумағында карьерлер бар. Сонда тас таситын компаниялармен меморандумға тұрып, олар көмек ретінде топырақ жолдарға тас төсеуде. Бүгінде 12 шақырымдағы 19 көшеге шағал тас тасылды" - дейді Қаратау ауданының әкімі Ғалым Ыбырайулы.
Сондай-ақ әкім Таскен елдімекенінде карьерлер жайын да алдағы уақытта шешетінін айтқан. Таскеннің карьерге жақын маңдағы орналасқан үйлерден шағым түскенін айтуып. "Барып қарасақ, тас алған жерлерде үлкен жарықтар пайда болып, сегіз метрге дейін жетіпті. Егер үйден шыққан бала сол жерге барып ойнаса, суға ағып кетеді. Алайда, ол компанияларға заңды құжат беріліп қойған екен. Содан біз компания қожайындарын шақырып, сол жарықтар жанын қоршау саласыздар, деп ескерттік. Қазір жарықтардың жанынан шлакоблоктан қорған салып жатыр" - деді.
Абай-апарат