Мемлекет тарапынан ауданда Түлкібас ауданында 1026 жоба қаржыландырылған
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, ауданда кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға өркендеп келеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2961 бірлікті құраған. «Түлкібас ауданы табиғаты тамаша туристік аймаққа жататындықтан ауданға инвестиция тарту мәселесінде жобаның Түлкібастың климатын бұзбайтындай қауіпсіз болуын қатаң қадағалаймыз. Яғни, біздің ауданда орналасып, жұмысын бастайтын өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, терең өңдеу, мал бордақылау, етті өңдеу сынды зиянсыз кәсіп түрлерімен айналысатын болады», - деді аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков.
Мұнан бөлек, ауданның жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен. Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында барлығы 1619,5 га жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған, 4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Мұның көбісі соңғы жылдары енгізілген ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында іске асты. «Агробизнес-2020» бағдарламасының шарапатын Түлкібас ауданы молынан көрді. Осыған орай аудандағы өнім көлемі күрт артқан. Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы жайлы тілге тиек еткен аудан басшысы бүгінгі таңдағы аудандағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы да өз ойын ортаға салды. Алдағы уақытта Түлкібас ауданында туризм саласы мен алма және сүт кластерін дамыту қолға алмақ.
Абай-ақпарат