Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2357 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 17:16

Мұздатылған ет ауасыз қалташаларда сақталады

 

Біріккен Араб әмірліктерінің кәсіпкерлерімен бірге ет өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп ашуға кіріскен Бәйдібек ауданы енді  Иран Ислам Республикасынан келген инвесторлармен де бірігіп жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Abai.kz ақпарат порталының тілшісі хабарлайды. Бұл мәселе алдымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Иран Ислам Республикасынан келген инвесторлардың арасында талқыға салынды.

Кездесуде тараптар Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында жылдық қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайтын ірі қараға арналған мал сою цехының құрылысын талқылап алды. Ет комбинаты болашақта етті мұздатып, ауасыз қалташада шығаруды жоспарлап отыр. Жалпы құны 6 300 000 мың теңгені құрайтын жобаны әзірлеу мен жүзеге асыру жұмыстары 2016 жылы толық аяқталмақ. Айта кетейік, құны 573 866 мың болатын құрылғыларды инвесторлар отандық компаниядан сатып алмақ. Нысанның құрылысы біткен соң мұнда 196 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Шығарылған өнімдер Қазақстанның ішкі нарығында саудаланып, Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталатын болады. Сонымен қатар, тараптар, жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық жөнінде уағдаласты. Ирандық инвесторлар Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерліктің мүмкіндігі үлкен екендігіне сенімді.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508