ОҚО-дағы жылыжайлардыӊ жер көлемі 1 мыӊ гектардан асады
Еліміздегі жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жылыжайлардыӊ жалпы жер көлемі 1 мыӊ гектардан асады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл туралы"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Оӊтүстік Қазақстан облысындағы жаӊадан салынған жылыжай кешенін аралаған кезде айтқан болатын.
ОҚО еліміздегі еӊ ірі ауыл шаруашылығы орталықтарыныӊ бірі болып табылады. Қазақстандағы жылыжайлардыӊ 87 % Оӊтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардыӊ жалпы көлемі 1 мыӊ гектардан асады. Мәселен, еӊ үлкен және алдыӊғы қатарлы жылыжай кешені - "Адель" шаруа қожалығын өркендету үшін екі жарым миллиардтан астам теӊге салынған. Жыл сайын жылыжайдан голландиялық технологиямен 6 мыӊ тонна қияр мен қызанақ жиналады. "Агробизнес 2020" бағдарламасыныӊ арқасында осындай ауқымды жобаны іске асыру мүмкіндігі туып отыр.
Қазір Қазақстанныӊ оӊтүстігінде шағын және орта бизнестіӊ дамыту мәселелеріне айрықша көӊіл бөлініп отыр. Бүгінгі таӊда өӊірде 330 мыӊнан астам кәсіпкер бар. Дегенмен, облыс экономикасындағы шағын және орта бизнестіӊ үлесі 20 пайызға де жетпейді.
Абай-ақпарат