Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3851 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 11:29

ТУҒАН КYН

Бұрынғы аталарымыз туған күн дегенге мəн бермеген ғой. Олар "Жайлауға көшкен кезде", "Өзен тасығанда" деген секілді құбылыстарды есте сақтап қалып, туған күнін долбарлап айта салатын.

Бір көкеміз де анасының "Балық жылы алғашқы қар жауған күні туғансың" деген сөзін малданып жетіжылдық мектепті бітірген соң құжат алуға ауданға барады. Құжат қабылдап отырған жігіт туған жылын, айы-күнін сұраса, "туған күнімді білмеймін" деп қалай айтсын. Содан анасының айтқанын есіне алып, "1940 жыл, 7 қараша" дейді ғой. Құжат қабылдаушы жігіт өзіне қажетті мəліметтерді түртіп алып, көкемізді келесі бір мекемеге жіберіпті. Ол жерде ақ халат киген бір орыс келіншек көкеміздің келген шаруасын білген соң:

- Снимите брюки - десе, көкеміз түсінбейді. Сөйтіп тұрғанда көкеміздің бастауышта оқытқан ағайы келе қалыпты. Ағайы көкемізге "шалбарыңды шеш деп жатыр" деп түсіндіріпті. Көкеміз ыңғайсызданып тұрса, орыс келіншек бажылдауын қоймайды. Ағайы:

- Шешінбесең болмайтын сияқты. Əйтпесе, туған жылыңды анықтай алмаймын деп тұр, - деген соң көкеміз амал жоқ белдігін шеше бастайды. Шалбарын тізесіне дейін түсірген соң, орыс əйел "киіне бер" деп ишара жасапты. Орыс əйелдің "сен бала 1939 жылы туылғансың" дегенін ағайы түсіндіріпті. "Ау, мен 1940 жылы туғанмын. Жылым - балық" деген көкемізді орыс қатын тыңдап не қылсын? Құжатына "1939 жылы туған" деп жазып беріпті. Солай құжатын да "1939 жылғы" деп алған ғой. 
Шын туған күнін көкеміз тек оныншы оқып жүргенінде біліпті. Ауылдық кеңесте өмір бойы хатшылық қызмет атқарған бір көкесі Ұлы Отан соғысының алдында сайлау болғанын, сол сайлауға көкеміздің анасын босанғанына үш-ақ күн болса да, бірнеше шақырым қашықтағы сайлау пунктіне атпен апарып бюллетень тастатқанын айтқан ғой. Сөйтсе, сайлау 1939 жылы 12 желтоқсанда өткен екен. Сонда, көкеміздің шын туған күні 1939 жылдың 9 желтоқсаны болып шыққан. 

Ты-ты: Осы фыбыда шын туған күнін көрсетпейтін достарым көп. Ана орыс қатын секілді адамның жасын бұтына қарап анықтайтындарыңыз жоқ па еді араларыңызда?

Ержан Тәліп

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522