Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2311 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 23:26

ОҚО бойынша 11 586 адам жұмыспен қамтылған

ОҚО-да мемлекет 2009-2016 жж аралығында жалпы сомасы 20,7 млрд теңгені құрайтын 13085 жобаны қаржыландырды. Соның нәтижесінде облыс бойынша 11 586 адам жұмыспен қамтылған,-депхабарлайды Абай-ақпарат.

Елбасымыздың кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға байланысты саясатын іске асыру мақсатында облысымыздың басшылары жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлдіріп, желтоқсан айындағы деректерге назар аударсақ, «Ырыс» мекемесі арқылы заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына өз кәсіптерін бастауға және әрі қарай дамытуға арзандатылған, қолжетімді несие берген.

«Ырыс» микро қаржы ұйымы 2009 жылы «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының еншілес мекемесі болып құрылған. Ұйымының негізгі мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік бағыттағы салаларын несиелендіру арқылы өңіріміздегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Мекеменің қаржыландырудағы басым бағыттары: Мал бордақылау алаңдарын құру; Жанұялық тауарлы-сүт фермаларын құру; Жылыжай шаруашылығын дамыту; Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу; Әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды қолдау (бала-бақша, спорт кешендері, асхана т.б.); Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын ұйымдастыру. Жалпы 2009-2016 жж аралығында жалпы сомасы 20,7 млрд теңгені құрайтын 13085 жобаны қаржыландырды. Соның нәтижесінде облыс бойынша 11 586 адам жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бағытында 2009-2016 жылдар аралығында жалпы сомасы 14,4 млрд теңгені құрайтын 8 211 жоба қаржыландырылды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 75 мыңға жуық бас мал бордақылау арқылы 63 мың тоннаға жуық ет өнімі шығарылды. 2016 жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мал бордақылау алаңдарын салу үшін 867,65 млн теңгеге 331 жобаға қаржы бөлінді. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 55,3 млн теңгеге 23 жоба іске асты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520