Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 17:10

Жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 1 608 жоба қаржыландырылды

«ОҢТҮСТІК» қаржы орталығы төменгі пайызбен жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 1 608 жоба қаржыландырды ылды1608 жобаны қаржыланды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаевке сілтеме жасап.

«ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаев айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 4 114 азамат жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б.

Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.

«Жалпы 2009-2016 жылдары «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларының аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таңда Ордабасы ауданы ең жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теңгеге 126 жоба несиелендірілген.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жаңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса еңбек өнімділігінің сапасын арттыру мақсатында e-stable электронды платформасын ендіру.

Сонымен қатар, компания жұмысының траспаренттілігін арттыру мақсатында электронды құжат айналымы жүйесін ендіру сияқты біршама жоспарлары бар.

Абай-ақпарат 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515