Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3022 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:16

Оңтүстікте «Сыбаға» бағдарламасы қарқынды жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысы Ауылшаруашылық басқармасының желтоқсан айындағы мәліметтеріне сүйенсек, биыл өңірде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығына айрықша қолдау көрсетіліп отыр.

Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасымен 25,4 мың бас аналық сатылып алынған.  Бұл шаруашылықтағы ірі қара малдың тұқымын ірілету мақсатында жүзеге асырылып отыр. Облыстағы аталған сектор мамандарының пікірінше бағдарлама бойынша мал басын асылдандыруға 76,5 мың ірі қара қатыстырылады.

Бұл өңірдегі аналық бас малдың 20,2 пайызын құрайды. Ал аталған көрсеткіш Республика бойынша үлесі 29,6 пайыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, өңірде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бір бас сиыр үшін 154 мың теңге көлемінде субсидия бөлінеді.

Желтоқсан айының қорытындысына назар аударсақ, «Сыбаға» бағдарламасы Оңтүстіктің аудан, қалаларынан бөлек Кентаулық шаруаларды да қуантуда.  Мәселен, Қарнақ ауылындағы «Береке» және «Мурад», Хантағы ауылындағы жеке кәсіпкер Гүлназия Жанабатырова асыл тұқымды бұқалар алып, 100-ге жуық сиырға тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Таңертеңнен кешке дейін қақтап саусаң да жарты шелек сүт бермейтін сиырлардан шелектеп сүт беретін асыл тұқымды сиырлар әлдеқайда артық. Шаруалардың «Сыбаға» бағдарламасына қызығатындығының тағы бір себебі, селекция және асыл тұқымды мал сатып алуға мемлекет 1 бас үшін 154 мың теңге субсидия төлейді. Тұқымды түрлендіру мақсатында 1 басқа 18 мың теңге бөледі. Былай айтқанда, мемлекеттік қолдау шаруаларды екі жеп биге шығарып отыр.

 

Абай-ақпарат 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540