Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2432 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 14:59

Биыл ОҚО, Арыстың қауын-қарбыз Еуропа мемлекеттеріне экспортталды

Биыл Арыстың дихандары өсірген қауын-қарбыз Еуропа мемлекеттеріне экспортталуда, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Арыс қаласының жылды қорытындылау мәліметтеріне сүйеніп. 

Биыл Оӊтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы аумағында 5239 гектардан астам жерге бақша өнімдері егіліп, осы уақытқа дейін 104178 тонна өнім алынған.  

Арыс қаласы әкімдігі баспасөз қызметініӊ мәлімдеуінше, шаруалар өздеріне тиесілі алқаптарда жиын-терім науқанын ойдағыдай жүргізген. 

Арыс негізінде атақты дерменесімен қатар дәмі тіл үйірер қауын-қарбызымен де мақтанады. Бүгінде Сырдария және Арыс өзенініӊ игілігін тиімді пайдаланған Арыс қаласыныӊ дихандары қауын-қарбыздарын облыс орталығы Шымкент қаласымен қатар еліміздіӊ Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларына жіберуде. 

Биыл шегіртке шабуылынан Арыстағы кейбір елді мекендердіӊ шаруалары әбігерге түскені белгілі. Дегенмен, ауыл шаруашылығы саласындағы соӊғы ғылыми жетістіктерді қолданудыӊ және жергілікті биліктіӊ диқандарға қолайлы жағдай жасауы нәтижесінде бау-бақша сапасы да жақсарып, шетелдіктердіӊ қызығушылығын оятуда. Қазіргі таӊда бақша өнімдері Еуроодаққа мүше мемлекеттерге де шығарыла бастады. Мәселен, Германия, Балтық жағалауы елдерініӊ тұрғындары арыстық диқандар өсірген қауын-қарбыздардыӊ тұрақты тұтынушыларына айналып келеді. Сонымен қатар Арыстыӊ бақша өнімдері Ресей Федерациясыныӊ Мәскеу қаласы мен Новосібір, Пенза, Самара облыстарына да жөнелтілуде. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын жетекші салалардыӊ біріне айналдыру керектігін айтқан-ды. Бүгінде Оӊтүстік Қазақстан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543