Ауылшаруашылығы: Израильден де инвестиция тартып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 9,8 млрд.тг құрады деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы желтоқсан айындағы мәліметіне сүйене отырып. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 2,3 есе артық.
Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қатысуымен ОҚО-да жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асқан көрінеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, облыста ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 2020 жылға дейінгі бағдарлама іске асырылуда. Оның негізгі бағыттарының бірі – ғылым мен жаңа технологияларды ауыл шаруашылығына енгізу, қолдану. Осы салаларда Израиль мемлекетінің тәжірибесі өте жоғары.
Ал Израиль мемлекетінің мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский
Оңтүстік Қазақстан облысында, әсіресе, ауыл шаруашылығы ерекше қызығушылық тудырып отырғанын айтады. Бұл қолайлы ауа райы мен құнарлы жері және дамыған инфрақұрылымның нәтижесі болса керек. Осының барлығы түптеп келгенде ауыл шаруашылығы саласындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуетін одан ары нығайтуға мүмкіндік береді, - дейді Израиль елшісі.
Айта кетелік, Израиль жаңа технология қолдануда әлемдегі дамыған елдердің қатарында. Құмды алқапты жасыл желекке айналдырған шетелдіктердің тамшылатып суару әдісін осы күндері оңтүстіктің диқандары егіс алқаптарында кеңінен қолдануда.
Абай-ақпарат